Басты бет » Жаңалықтар » Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

1 сәуірден бастап балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатқанын білесіздер. Соған орай, бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдаудың аяқталуына санаулы күндер қалғанын естеріңізге салғым келеді.

Яғни, 31 шілде құжат тапсырудың соңғы күні.

Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймын.

1 сыныпқа құжаттарды электронды түрде, eGOV.kz порталы арқылы тапсыруға болады.

1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады.

Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

Қандай құжаттар қажет?

• Ата-ананың өтініші (электронды түрде беріледі)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде беріледі)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)

Қосымша сұрақтарыңыз болса, +77172501790 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған