Басты бет » Жаңалықтар » Құқықтық жаппай оқыту

Құқықтық жаппай оқыту

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция подполковнигі Серікбаева С.К., ішкі істер министрі , полиция генерал-лейтенанты М.М. Ахметжановтың тапсырмасы бойынша, “Құқықтық жаппай оқыту” аясында сабақ өткізді.

Сабақта оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың негізгі өзгерістері, жауапкершіліктің басталу жасы, есірткі құралдарын қолданудың денсаулыққа зиянды әсері, сондай-ақ қылмыстың құрбанына айналмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгіну туралы айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *