ымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата — аналар!
Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан — жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз.
Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой.
Жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте 3 тілек айтамыз. Әуелі, үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата – ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіреміз.
Қымбатты түлектер! Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңа сәтті сапар, өмірлеріңе құтты қадам тілеймін!
Дорогие друзья!
Для всех этот выпускной год станет не просто памятным, но и особо знаменательным событием, потому что выпускники 2022 года заканчивают школу не только в Год Детей объявленный Президентом нашей страны, но и в юбилейный год 50-летия школы.
50 лет… Для истории – всего лишь мгновение, а для коллектива учителей – целая жизнь, отданная любимому делу, ученикам.
Я искренне желаю всем крепкого здоровья, сохранения верных традиций, осуществления планов и уверенного взгляда в будущее!
Қымбатты достар! Соңғы қоңырау мерекесі құтты болсын!
Армандарыңыз орындалсын!
Ізгі ниетпен, мектеп директоры Марзия Әкімқызы Ташенова.